СҚО-да жол-көлік апатында Ресей азаматшасы қаза тапты

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жол  апатында Ресей азаматшасы қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл 6 айда облыс жолдарында мас жүргізушілердің кесірінен 9 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 3 адам қаза тауып,  9-ы жарақаттанған. М.Жұмабаев ауданының 35 жастағы тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қайғылы жағдай республикалық  маңызға ие «Челябі-Новосібір»  автожолының 645-ші  шақырымында 19 шілде күні болған.  Қарақоға ауылы маңында ресейлік отбасы мінген Toyota Corolla автокөлігі мас күйдегі аудан тұрғынының басқаруындағы қарсы бағытқа шығып кеткен Toyota Land Cruiser автокөлігімен соқтығысқан.   Ресей  азаматшасы оқиға орнында қаза тапты, оның 7 жасар ұлы ауруханаға жатқызылды.  Аталған факті Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Toyota Land Cruiser жүргізушісіне қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

 – Көлікті мас күйде жүргізу,  әсіресе, жоғары жылдамдықпен қозғалуға рұқсат берілген жолдарда қайғылы жағдайларға апарып соғуы мүмкін. Республикалық жолдардағы қозғалыс кезінде жүргізушілер барынша сақ болуы тиіс. Жүргізушілерге жол-көлік оқиғалары көп жағдайда алыс жолға шыққан жүргізушінің шаршауынан, басып озу, бұрылу, жылдамдықты асыру сияқты маневрлерді жасаған кездегі бұзушылықтардан орын алатыны туралы еске саламыз. Барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Жалпы жыл басынан бері  СҚО-да 127 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 19 адам қаза тауып, 191-і жарақаттанды. Апаттардың 24-і республикалық маңызға ие автожолдарда орын алған, онда 8 адам қаза тауып,  49 адам жараланған.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz