Петропавлда жеті кәсіпорын 23 миллион теңге грант алды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда жыл басынан бері кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жобаның арқасында 118 кәсіпкер жалпы сомасы 5 млрд теңгеден астам қаржылай қолдауға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 кәсіпкер жалпы 23,5 млн теңгеге грант алды.

— Субсидиялау түрінде 3,9 млрд теңгеге 53 жоба қолдау алды. Оның 9 % – ы – азық – түлік, жиһаз және өзге де бұйымдар өндірісі, 87%-ы — халыққа қызмет көрсету жобалары және 4% — ы — құрылыс-монтаждау жұмыстары. Несиелерді кепілдендіру түрінде — 1,1 млрд теңге сомасына 56 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 41 % – ы – жүк тасымалдау қызметі, 17% — ы — қағаз, нан-тоқаш өнімдерін және аяқ киім өндіру, — деді қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғалымжан Абаев.

Екі жоба өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту санатына жатады. Бұл «Береке» шағын ауданында монша-кір жуу комбинатына жылумен жабдықтау желілерін тартуға — 13,6 млн теңге және сұйытылған газға арналған резервуарды салуға — 70,7 млн теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz