СҚО-да әйелдерге арналған шеберлік сағаттары өтуде

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да  «Инклюзивті парламентаризм орталығы» жобасы аясында өмірлік ұстанымы айқын, белсенді   әйелдерге арналған шеберлік сағаттары  өтуде, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

— Жобаның мақсаты  —   белсенді адамдарды табу,оларды технология инновацияларына үйрету. Өтінімдерді қабылдау осы жылдың наурыз айында басталды. 44 өтінім қабылданды, —  дейді «Woman without borders» ҚБ төрайымы Жәмила Байженова.

Іріктеу кезеңінің алғашқы турына  30 адам өтті. Бір ай бойы қатысушылар онлайн оқыды. Олар түрлі  жобаларға, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін құжаттарды қалай дайындау керегін, волонтерлерді  тарту және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасауды үйренді.

— Өте қызықты болды. Инклюзивті білім беру   өте маңызды сала. Менің туыстарымның арасында көмектесу үшін терең білімді қажет ететін адамдар бар. Қазір оқытуда, адам тартуда жаңа технологиялар пайда болуда, — деп атап өтті жобаға  қатысушы  Ботагөз Саду.

26-27 шілде аралығында шеберлік сағатының  екінші кезеңі өтеді. Оқыту «Жеке бренд», «Бизнес жоспар құру», «Шешендік шеберлік» және «Әлеуметтік блогинг», сондай-ақ нейрографика  ойыны  тақырыптарына арналған. Шара барысында  қатысушылар өз идеяларын таныстыратын болады. Тәлімгерлерден үздік деп танылғандардың   жоспарларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz