Петропавлда 16 көшеге қазақша атау берілді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда бұған дейін нөмірленіп келген 16 көше жаңа қазақша атауға ие болды, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігінде «Солнечный-2» шағын ауданындағы көшелерге жаңа атау беру бойынша жиын өтті. Бұған дейін құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінен және осы шағын ауданның тұрғындарынан көшелерді жаңаша атау бойынша 4 өтініш түскен. Жұмыс тобы оны шілде айының басында қараған болатын.  Тиісті тәртіп бойынша көшелерді жаңадан атау бойынша материалдар тұрақты комиссияда қоғамдық тыңдау өткізу үшін Петропавл қалалық мәслихатқа жіберілді. Жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ қалалық мәслихаттың депутаттары, Петропавл қаласы әкімдігінің өкілдері, облыс орталығының тұрғындары ортақ шешімге келіп,   бұған дейін нөмірленіп келген көшелерге    мынадай атау берді:

№1 көше — Шаңырақ,

№2 көше — Ынтымақ,

№3 көше – Саяхат,

№4 көше – Баянды,

№5 көше – Шабыт,

№6 көше – Думан,

№7 көше – Аққайың,

№8 көше – Қайнар,

№9 көше – Достық,

№10 көше – Көктерек,

№11 көше – Татулық,

№12 көше – Сарыарқа,

№13 көше – Ұлытау,

№14 көше – Отбасы,

№15 көше – Жарқын,

№16 көше – Орда деп аталды.

 -Көшелердің бір де біреуіне кісі атын, не ақынның не танымал тұлғаның есімін берген жоқпыз. «Солнечный-2» қаланың шеткері ауданы, түсініспеушіліктер болмауы үшін осылайша бейтарап, әрі әдемі қазақша атау беруді дұрыс деп таптық, — дейді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz