Коронавирусты емдеу хаттамасына өзгеріс енгізілуі мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы жаңа препаратты клиникалық хаттамаға енгізуді қарастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек саясаты департаментінің басшысы Бауыржан Жүсіпов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында  мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Дүние жүзінде  короновирустан  емдеу үшін қолданылатын бірқатар дәрі-дәрмек бар. Бірақ ол препараттар зерттеудің ақырғы  кезеңінен өткен жоқ. Дегенмен, бірқатар елдер кейбір дәрі-дәрмектерді шұғыл жағдайда қолдануға ұсыныс беріп отыр. Қазір бұл бағытта біздің клиникалық хаттаманы әзірлеуші мамандар белсенді жұмыс істеп жатыр. Жақын арада жұмыс нәтижесін жариялаймыз. Бір ай ішінде белгілі болып қалады, — деді Бауыржан Жүсіпов.

Шілде айында  3 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz