Ташкентте 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі юниорлар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар 47 медаль жеңіп алды, оның ішінде 10 алтын, 23 күміс және 14 қола.
Медальдік есепте 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды. Жеке рейтингте ұлдар арасында – бірінші орын, қыздар арасында-сегізінші орын.
Фото: ашық дереккөздерден.