СҚО-да бір апта ішінде болған өрттердің барлығы электр сымдарының тұйықталуынан шыққан

Авторы: Qyzyljar News

СҚО — да өткен аптада бес тұрмыстық өрт тіркеліп, екі автокөлік өртенді. Барлық жағдайларда электр сымдарының қысқа тұйықталуынан от шыққан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Брифингте басқарма бастығы Назымбек Елемесов бұдан бөлек, 23 от тұтану мен 18 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілгенін айтты. Оның ішінде құтқарушылар төрт рет су айдындарына көмекке барып, екі рет жол-көлік оқиғаларына шықты. Бір апта ішінде суда жеті адам құтқарылды. Өңірдің 15 тұрғынын тұрғын үйлерден эвакуациялауға тура келді. Сондай-ақ, есіктердің жабылып қалғаны туралы 10-нан астам қоңырау келіп түскен.

— Өткен аптада төрт дауылды ескерту жарияланды. Аптаның басында күн ысып, сынап бағанасы 35 градустан жоғары көтеріледі. Апта соңында өткінші жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жауады деген болжам бар. Батыстан, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Барлығыңызды өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеміз, — деді Назымбек Елемесов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz