Петропавлдағы саяжалардың біріндегі су ұңғымасынан мұнайға ұқсас сұйықтық шыққан

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы «Ромашка» бау-бақша қоғамдастығындағы саяжайлардың біріндегі ұңғымадан су емес, мұнайға ұқсас сұйықтық шыға бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде саяжай иесі ауладағы су ұңғымасынан шыққан сұйықты жағып жатқан видеосы тарап кетті. Бейнеге зер салып қарасақ, өткір иісті, мұнай өнімдеріне ұқсас зат лапылдап жана жөнеледі. Таңқаларлық жағдай 10 күн бұрын пайда болыпты. Тек бұл учаскеде ғана емес, тағы үшеуінде ұңғымадан ерекше сұйықтық шығуда.
Саяжай иесі Татьяна Черноморецтің сөзінше, барлық ыдыстары бүлініпті. Енді моншасының да су құятын ыдысын ауыстыруға тура келеді. Өйткені бәрі майланып кеткен, от тисе лап ете түсуі мүмкін. Бау-бақша қоғамдастығының маңында жанар-жағармай құю орталығы орналасқан. Тұрғындар бұған сол орталық себеп шығар деп болжап отыр. Алайда бекет мамандары олардың күдігін жоққа шығарды.

-Күнде таңертең біз құйылған және сатылған өнімді салыстырамыз. Далаға ағып жатқан болса, ол бірден көзге түсер еді, — дейді орталық мамандары.

Оқиға орнына экологтар да келіп, тиісті сараптама алды. Оның қорытындысы 3-5 күннің ішінде белгілі болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz