Шетелдік инвесторлар биылғы жылдың бірінші тоқсанында Солтүстік Қазақстанға 17 млн. долларға жуық инвестиция салды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық банктің мәліметінше, ел экономикасына 6,8 млрд. доллар инвестиция құйылды. 2017 жылмен салыстырғанда бұл сома 24,4% — ға көп. Рейтинг бойынша бірінші орында Атырау облысы тұр. Мұнда 2,4 миллиард доллар инвестиция салынған. Шығыс және Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарына құйылған инвестициялар көлемі айтарлықтай ұлғайды. Ал Ақмола, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында керісінше төмендеген.