СҚО-да көкөніс бизнесінің жағдайы мәз емес

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандықтар көкөністен тарығуы мүмкін. Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Медвежка ауылының тұрғыны Евгений Золотаревтің жерді жалға алу мерзімі аяқталған. Ал оны заң бойынша ұзарту мүмкін болмай тұр. Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты енді бір адамға тек бір гектар ғана жер беріледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Бір кездері жарамсыз болып қалған бақ бес жылдан соң қайта жайқалды. Евгений Золоторев ол үшін қаладан туған ауылына арнайы көшіп барған. Солтүстіктің климатын ескерген азамат істің көзін тапты. Көрші елдердегі әріптестерімен тәжірибе алмасып, көкөністерін тамшылатып суғаруға көшкен.

– Орынборға барып, тың технологиялармен таныстым. Дәнді еккен соң оны арнайы пленкамен жауып тастаймыз. Мәселен, далада 10 градус болса, астында 25-30 градус болады. Нәтижесінде қырыққабат 2-3 апта ерте піседі, — дейді Евгений Золотарёв.

Евгений 5 гектар алқапқа қырыққабат еккен. Бұдан бөлек картоп, бұрыш, баклажан және қарбыз да бар. Бірақ отбасылық бизнес құрдымға кеткелі тұр.

– Биыл менің жерді жалға алу мерзімім аяқталды. Тағы да ұзартайын деп едім, мүмкін болмай тұр. Яғни жаңа заңнамаға сәйкес бір адамға енді тек бір ғана гектар беріледі екен,- дейді кәсіпкер.

Мәселе шешілмесе кәсіпкер жұмысшылардың санын қысқартады. Оның үстіне ірі супермаркеттермен жасалған келісімшарт та бұзылуы мүмкін. Ал жауаптылар болса, бұл сұрақты бақылауға алатындарын жеткізді.

– Біздің ауданда қырыққабат, картоп, қияр сияқты көкөністерді өсірумен айналысатын жалғыз кәсіпкер. Сондықтан бұл мәселені оң шешуге тырысамыз. Яғни бұл отбасылық бизнес болғандықтан, жерді отбасы мүшелеріне әр гектардан бөліп беретін боламыз, — Булаев қаласының әкімі Азамат Қыраубаев.

Қазір Евгений Золотарёв жылыжаймен бірге көккөніс сақтау қоймасын тұрғызып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz