Солтүстік Қазақстанда «HERMES LTD» қаржы пирамидасы анықталды

Авторы: Qyzyljar News

Біздің облыста «HERMES LTD» қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «HERMES LTD» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісін анықтады», — делінген ұсынылған мәліметте.

Белгілі болғандай, 2019-2022 жылдар аралығында халықтың қаражатын тарта отырып «HERMES LTD» жобалары бойынша қаржы пирамидасы құрылған. Қызметі – қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту болған.

Қылмыстық іс бойынша 3 адам жәбірленуші ретінде танылды. Олар жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасына қатысты арыз-шағымды ведомствоның сенім телефонына немесе аумақтық қаржы мониторингі органдарына хабарлауға болатынын айтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz