СҚО полицейлері жоғалған екі ер адамды іздестіруде

Авторы: Qyzyljar News

Полицейлер із-түссіз жоғалған екі ер адамды іздестіруде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласының 59 жастағы тұрғыны Рифкат Леонидович Алимов 9 күннен бері табылмай жатыр. Ол үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Туған-туыстарының айтуынша, бойы шамамен 175 см, ақ шашты, сақалы бар. Көк көзді, бетінде тыртығы бар. Оң қолында шынтағына дейін күйіктің ізі қалған. Сол күні басында қара бас киім, үстінде қара пиджак, сұр футболка, көк джинсы шалбар болған.

Осы күні қалалық полиция бөліміне 34 жастағы Юрий Викторович Молчановтың жоғалғаны туралы арыз түсті. Жігіттің бойы шамамен 170 см, шашы қара-сұр келген, көк көзді, қыр мұрынды. Үстінде көк қысқа шалбар, қою көк түсті футболка және ақ кроссовки болған.

-Жоғалғандар тек Петропавлда ғана емес, жақын маңдағы аудандарында да іздестіріліп жатыр. Полицейлерден басқа волонтерлер, қоғам белсенділері жұмылдырылды. Ер адамдарды тануға көмектесетін бағдарлар полицияның барлық бөлімшелеріне жөнелтілді, сондай-ақ әлеуметтік желіде жарияланды. Бұл адамдар жайлы көрген-білгендер болса 8-(7152) 49-39-49, 49-30-74, 8-747-559-70-71 нөмірлеріне немесе «102» нөміріне хабарласуға болады, — дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов.

Жалпы жыл басынан СҚО ПД адамдардың хабарсыз кетуіне байланысты 275 арыз түсті. Бүгінде олардың 270-і табылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz