СҚО-да зауыт жұмысшылары кәсіподаққа жарна төлеуден бас тартты: кәсіпорынның есепшоттары бұғатталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстандағы ірі зауытта салалық кәсіподақтың қарызына байланысты шоттар бұғатталды. Бірақ зауыт қызметкерлері жарна төлеуден бас тартып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, astanatv.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Кәсіподақ жұмысына ұжымның мүлдем көңілі толмайды. Қатардан шығып кетейін десе – ол да, оңай шаруа емес.

-Кәсіподақтың қатарында болу – негізі әр адамның өз еркі. Бірақ, біз сот арқылы әрең дегенде, зордың күшімен 5 адамды шығардық. Біздің зауыт жігіттері де шығуға өтініш жазды, — деді зауыт қызметкері Виктор Богтенко.

Зауытттағы шиеленіс кәсіподақтың жаңа басшылығы жұмыс механизмін өзгерткеннен кейін басталған. Егер бұрын барлық қаражат өндірісте қалса, енді олар машина жасаушылар кәсіподағының шотына түседі. Осыдан кейін зауыт жұмысшылары жарналарды аударуды тоқтатқан.

-Қызметкерлердің барлығы кәсіподақтан шығуға өтініш білдірген. Содан жағдай мүлдем ушықты. Жауап болмағасын қызметкерлер салалық кәсіподаққа, жоғары органдарға жүгіне бастады. Тіпті Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасына да өтініштер түскен, — дейді адвокат Анастасия Фролина.

Ал кәсіподақ өкілдері өз қатарларында ешкімді мәжбүрлеп ұстамаймыз дейді.

— 50 – ден астам адам кәсіподақтан өз еркімен шығуға ниет білдірді. Алайда, сот арқылы тек бесеуі ғана шығарылды. 2022 жылғы 7 ақпанда берілген өтініштер негізінде 2022 жылғы 7 ақпандағы №5 өкіммен «Зиксто» АҚ кәсіподақ мүшелігінен 43 адам – жұмыскер шығарылды, — деді «Машина жасаушылардың салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Төлеген Қазанғапов.

Кәсіпорын кәсіподаққа 52 миллион теңге қарыз екенін айта кетейік. Бірақ қызметкерлер мәселе сотта шешімін табады деп үміттенуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz