СҚО-да тамыздың 20-сы орақ науқаны басталады

Авторы: Qyzyljar News

20 тамыз СҚО-да егін ору маусымы басталады деп жоспарланып отыр. Солтүстік Қазақстан облысында 4,4 млн. га. астам алқаптан дәнді дақылды уақытында жинап алу үшін 7300 комбайн тартылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінде маңызды шаруаға қызу дайындық жүріп жатыр, техника сайланды. Ораққа 7300 комбайн, оның ішінде 3800 өнімділігі жоғары жаңа техника тартылмақ. Биыл жергілікті кәсіпкерлер 33,1 млрд. теңгеге 1400-ден астам техника сатып алды.

-Облыста 4,4 млн. га дәнді дақыл егілді. Бұл шамамен өткен жылғы көрсеткішпен бірдей. Соның ішінде 3,1 млн. га – бидай, 1 млн. – майлы дәнді дақыл, қалғаны дәнді-бұршақты дақылдар. Биыл күнбағыстың алқабын шамамен екі есе ұлғайтып, 119 мың га. жеткіздік. Сондай-ақ жасымық 66 мың га. жерге егілді, бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Өңірге арзандатылған бағамен 78,5 мың тонна дизель отыны бөлінді, операторлар анықталды. Бағасы осы күзгі науқанға литріне 219 теңге болып бекітілді, — дейді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Биыл ауа райы диқандар үшін қолайлы болды, жаңбыр да жауды, күн де ыстық болды. Маманның айтуынша, соған қарағанда астықтың шығымы да, сапасы да жаман емес.

— Элеваторлар мен қамбалар биылғы жылдың жаңа астығын қабылдауға дайын тұр. Жалпы сыйымдылығы — 6,6 млн. тонна. Орақ науқанын мерзімінде өткізуге жағдай бар, тек ауа райы кедергі келтірмесе болғаны, — дейді басқарма басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz