Биыл Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне қанша адам қоныс аударды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов халықты оңтүстік өңірлерден солтүстікке көшіру бағдарламасының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— СҚО-ға 11 мыңнан астам адам көшіп келді. 2016 жылдан бастап 4,6 мың еңбекке жарамды қоныс аударушылардың 3,7 мыңы жұмысқа орналастырылды. 490 отбасы өз ісін ашты, оларға 270 млн теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар мен несиелер берілді, — деді Құмар Ақсақалов Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың сұрағына жауап бере отырып.

Өңір басшысы өзге өңірлерден қоныс аударып, өз ісін ашқан кәсіпкерлерден бес жыл ішінде 100 млн. теңге салық аударымдары түскенін атап өтті.

— Ағымдағы жылы 2 556 адамды қабылдау жоспарлануда. Жыл басынан бері 1 320 адам немесе квотаның 52%-ы келді, оның 500 — і еңбекке қабілетті азаматтар. Бүгінгі таңда 51 мұғалім, 30 медицина қызметкері, 45 мал дәрігері, 174 қызмет көрсету және сауда саласының қызметкері жұмысқа орналастырылды, — деді Құмар Ақсақалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz