СҚО полицейлері екі аптаның ішінде тіркелмеген 20 қару тәркіледі

Авторы: Qyzyljar News

2 апта ішінде солтүстікқазақстандық полицейлер тіркелмеген 20 қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылжар ауданының 37 жастағы тұрғыны, 3 баланың әкесі мылтықты моншасының кіреберісінде сақтаған. Бұл фактіні үй-үйді аралау кезінде учаскелік полиция инспекторы анықтаған. Ауыл тұрғынының айтуынша, ол қаруды өткен жазда шөп шауып жүрген кезінде тауып алыпты. 16 калибрлі аңшы мылтығы алынып, сараптамаға жіберіді. Қару иесіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жинастырылды.

-Заң бойынша оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. Сондықтан, заңсыз қару-жарақ сақтап жүрген азаматтар өз еріктерімен мылтықтарын тапсырса, жауапкершілікке тартылмайтынын еске салғымыз келеді, — деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Облыс аумағындада жуырда өткізілген «Қару» акциясының екі аптасында 17 тегіс ұңғылы қару, 1 иір ойықты, 1 газды және 1 травматикалық қару тәркіленді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz