Петропавлда тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдардың саусақ іздері алынуда

Авторы: Qyzyljar News

Биыл Петропавлда тұрғылықты мекен-жайы жоқ 123 адам есепке қойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық ПБ қабылдап-тарату орнының қызметкерлері күнде тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларды жинап әкету бойынша рейдтер жүргізеді. Мамандар тұрғын үйлердің жер төлесі, жылу трассаларының құдықтары, кәріздер, қоқыс тастайтын жерлер, базарлар мен сапаржайлары тексеруде.

Жыл басынан полицейлер 865 қаңғыбасты қабылдап-тарату орнына жеткізген. Ол жерде фотоға түсіреді, саусақ іздерін алады, із-түзсіз жоғалғандардың және қылмыскерлерді іздестіру тізімдері бойынша тексереді. Қаңғыбастар полицейлер өзара іс-қимыл жасайтын әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметімен пайдалана алады.

-7 ай ішінде 123 белгілі тұрақты мекенжайы жоқ адам есепке қойылды. Олардың жартысы 30-дан 44-ке дейінгі жаста. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы 235 азаматы «қаңғыбастыққа бейім тұлға» санаты бойынша есепке қойылған. Барлығының тұлғасы анықталып, саусақ іздері алынды, «Образ++» деректер базасындағы фото-бейне есебіне қойылды, — дейді Петропавл қалалық ПБ қабылдап-тарату орны бастығының міндетін атқарушы Мейрам Тоқпаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz