Энергетика министрі еліміздің солтүстігі мен шығысын газдандырудың оңтайлы нұсқасын ұсынды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов еліміздің солтүстігі мен шығысын газдандырудың ең оңтайлы нұсқасы — газды Ресейден тарту екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Солтүстік пен шығысты газдандыру мәселесі бірнеше мәрте талқыланды. Егер біз бұл жұмысқа бүгін кіріскіміз келсе, газды Ресейден тартқанымыз дұрыс болады. Ол экономикалық тұрғыдан ең оңтайлы нұсқа әрі газбен жабдықтау да тұрақты болады. Мұндай келіссөзді «QazaqGaz» компаниясы арқылы «Гапроммен» жүргізіп жатырмыз. Ведомство деңгейінде де алдын ала келіссөз жүргіздік. Қазіргі уақытта техникалық шарттары әзірленіп жатыр, — деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, бастапқыда Ресейден 4 млрд текше метр газ алынатын болады. Дегенмен, оны еліміздегі көмір стансаларының газға көшуіне байланысты 10 млрд текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

-Бағасы тұтынушылармыз үшін қолжетімді болғанын қалаймыз. Бізде оңтүстік өңірлер мен Нұр-Сұлтан қаласында баға барынша жоғары екенін білесіздер. Шамамен осы деңгейде болады. Өйткені, ол импортталатын газ. Әлі де келіссөз жүргізіп, уағдаласу қажет. Түрікменстанмен де келіссөз болды. Бірақ, еліміздің шығысы мен солтүстігін газдандыру үшін оларды қарастырып отырған жоқпыз. Өйткені, ол жақтан газ құбыры тартылмаған. Сондықтан бүгінде Ресейден құбыр тарту, одан кейін оны біздің энергия жүйемізбен қосу жеңіл болады. Бірақ, оған да уақыт керек, — деді Болат Ақшолақов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz