Облыс әкімі Құмар Ақсақалов «Sensitive» би ансамблімен кездесіп, өнер ұжымын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Өнер ұжымы «Хореография», ал театр бишісі Артем Радитца «Моделинг» бағыты бойынша Бас жүлдені жеңіп алды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикованы және бишілерді үлкен жеңіспен шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ балаларға тілекші болған ата-аналарға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да осындай жобаларды қолдап, жерлестерімізге өз тарапымыздан жағдай жасаймыз, — деді Құмар Ақсақалов.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, талантты жастарға да Құрмет грамотасы табысталды.