«Қызыл-Жар» АПОЭЛ командасынан жеңіліп қалды

Авторы: Qyzyljar News

Конференциялар лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі матчта «Қызыл-Жар» кипрлік АПОЭЛ командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасы топтық кезеңдерінде азулы қарсыластарымен сынға түскен «Қызыл-Жар» үшін аталған кездесу оңай соқпайтыны белгілі еді. Алғашқы минуттан АПОЭЛ ойыншылары белсенділік танытып, шабуылдарды үдетті. Петропавлдық клуб футболшылары негізінен қорғанысқа көңіл бөлді.

Соған қарамастан кипрлік команда сапынан Георгиос Эфрем 27-минутта «Қызыл-Жар» қақпасына гол соғып кетті. Бұдан кейін АПОЭЛ гол соғатын бірнеше мүмкіндігін құр жіберіп алды. Екінші кезеңде кипрлік команда есепті ұлғайту жолын қарастырды. Алайда таблодағы есеп өзгерген жоқ. «Қызыл-Жар» қарсыласына 0:1 есебімен жол берді. Енді қарымта кездесу 11 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz