СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 45 адам елден шығарылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да полицейлер көші-қон қызметіне қатысты заңнаманы бұзудың 804 дерегін анықтап, сот 45 шетелдікті елден шығаруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 7 айда көші-қон қызметі заңнамасын бұзуға қатысты анықталған 804 деректің 655-і — шетелдіктердің елде болу мерзімдерін бұзуына, 149 факті – шетелдіктердің ел аумағында заңсыз жұмыс істеуіне қатысты. Осы ретте 28 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, 624 заңды және жеке тұлға полицияға шетелдіктердің бар екендігін уақтылы хабарламағаны үшін жазаланды. Қайыр сұрап, жұрттың мазасын алғаны үшін 2 шетелдік жауапқа тартылды. Сот көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығару туралы 45 шешім шығарған.

Полиция қызметкерлері ел аумағынан кету туралы сот шешімін орындаудан жалтарған 3 шетелдікті анықтады. Күнделікті полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтарын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, құрылыс нысандарын, базарлар, вокзалдар мен шетелдіктердің болуы ықтимал өзге де жерлерді тексереді.

-Көбінесе шетелдіктер тіркеу мерзімін өткізіп алады немесе оларды қабылдайтын тарап өздерінде жүрген шетелдіктер туралы көші-қон қызметіне уақтылы хабарламайды. Қазақстан Республикасында тіркеусіз 30 күн болуына рұқсаты бар шетел азаматтары тіркелуге уақыт бар деп жүріп алады. Алайда, бұл қате пікір, заңнамаға сәйкес шетелдік бірден тіркелуі қажет, кешігу – сот шешіміне сәйкес ескертуге, айыппұл төлеуге немесе елден шығаруға әкеп соғады. Шетелдіктер арасында құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жалғасады, — деді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ермек Нұсырбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz