«Қызыл-Жар» футбол клубының президентіне айыппұл салынды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдық «Қызыл-Жар» клубының президенті Григорий Лорияға 612,6 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мұндай шешімді тәртіптік бақылау комитеті «Ақжайық» командасымен өткен кездесу өткізген Қазақстан кубогының матчынан кейін шығарды.

Матчтың ресми өкілдеріне балағат сөз айтқаны үшін тәртіптік бақылау комитетінің 53-бабы бойынша «Қызылжар СК» президенті Григорий Лорияға 200 АЕК (612,6 мың теңге) айыппұл салынды. Лория 2022 жылдың 2 қыркүйегіне дейін бұл айыппұлды төлеуі керек, – делінген хабарламада.

Мамыр айында Лория ҚФФ мен ҚКФЛ ұйымдастыратын жеті ойыннан шеттетіліп, 150 АЕК айыппұл арқалаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz