Петропавл қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласын енді Руслан Әкімжанұлы Анбаев басқарады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2022 жылғы 5 тамызда Петропавл қалалық мәслихатының 7 шақырылымының кезектен тыс 16-сессиясында депутаттар Руслан Анбаевтың кандидатурасын облыс орталығының басшысы лауазымына келісу туралы мәселені қарады. Дауыс беру нәтижелері бойынша кандидатура бірауыздан бекітілді.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов қаланың жаңа әкімін депутаттарға таныстырды. Руслан Анбаев өңір басшысы мен депутаттарға сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

— Мен осы уақытқа дейін алған білімім мен жинаған тәжірибемді облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамып, алдымызға қойылған міндеттерді орындау барысында қолданатын боламын, — деді Руслан Анбаев.

Анбаев Руслан Әкімжанұлы еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің аға салық инспекторы болып бастады.

2002 жылдан 2015 жылға дейін Есіл, Тайынша және Тимирязев аудандарының салық қызметі органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2015 жылдан 2019 жылдың қаңтарына дейін СҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Еңбек жолын 2019-2020 жылдары Мамлют ауданының әкімі ретінде жалғастырды.

2020 жылдың қазан айынан осы уақытқа дейін Тайынша ауданын басқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz