СҚО-да 1,7 мың гектар жерге ағаш отырғызылады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да биыл 1,7 мың га. орман отырғызу жоспарланған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, көктемде 835 га. жерге 3,5 млн. дана көшет отырғызылған, күзде бұл көрсеткіш 865 гектарды құрайды деген болжам бар. Барлығы биыл 6,1 млн. көшет отырғызылады. Өңірде бес жылдық кезеңге ормандарды молықтыру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспары жұмыс істейді.

2025 жылға дейін облыста 20 мың гектарға 100 млн. түп көшет отырғызу жоспарланған. Өткен екі жылда орманды молықтыру алаңы 1,6 мың гектарды құрап, осы мақсаттарға жұмсалған шығындар 650 млн теңгеден асты. Жыл сайын жоспарға сәйкес орманды молықтыру алаңы ұлғаятын болады. 2023 жылы 4,1 мың, 2024 жылы-6,3 мың және 2025 жылы – 7 мың гектар жерге көшет отырғызылады.

Екі жыл ішінде 215 мыңнан астам көшет отырғызылды. Петропавлда көгалдандыру еш қиындықсыз өтіп жатыр. Мамандар қалада ағаш отырғызумен кәсіби түрде айналысатын қызмет құру қажет деп санайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz