СҚО-да мыңнан астам жетім бала бар

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында мыңнан астам жетім бала бар. Олардың 15 пайызы асырап алған және қамқорлыққа алған отбасыларда тәрбиеленуде, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі astanatv.kz сайтына сілтеме жасай отырып

Ата — аналар мен қамқоршыларға ай сайын мемлекет 10 АЕК көлемінде ақша төлейді, ал екінші баланы қамқорлығына алса 80 мың теңге мөлшерінде жалақы қарастырылған. Асырап алушылар балалардың өмір сүру жағдайларын сондай-ақ бюджет ақшасын қайда жұмсайтыны туралы есеп беріп отырады. Мұндай отбасыларды қамқоршылық органдары жылына кемінде екі рет тексереді. 2017 жылдан бастап Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен оларды өз тәрбиелеуге алған адамдардың республикалық деректер банкі жұмыс істейді.

— СҚО — да 1079 жетім бала бар, оның 603-і қамқорлықта, 164-і патронатта және 51 бала асырап алушы отбасыларда. Өздеріне жүктелген міндеттерді орындай алмаған отбасылар да бар, ондай адамдар республикалық деректер базасының «қара тізіміне» түседі, — дейді СҚО Білім басқармасының бөлім басшысы Мафруза Науанова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz