СҚО-да көліктік – бақылау инспекциясындағы жемқорлық тәуекелдері анықталды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері көліктік бақылау инспекциясы жұмысындағы 25 қауіпті анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, нормативтік құқықтық актілер мен бақылау міндеттерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру тексерілді. Оның ішінде процестерді цифрландырудың төмендігі, белгілі бір бизнес субъектілеріне басымдық беру және инспекция бөлімшелерінің төмен техникалық жабдықталуы бар.

— Әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларына сәйкес инспекция қызметкерлері көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде портативті алып жүретін бейнетіркегішті пайдалана отырып, аудио-бейнетіркеуді жүргізуге міндетті. Нөмірлік белгілерді сапасыз белгілеуден, тіркеу күні мен уақыты туралы дұрыс емес деректер орнатудан, әкімшілік хаттамаларды ресімдеу бойынша жазбалардың болмауынан көрсетілген қағидалар талаптарын бұзған бірнешге факті анықталды. Инспекцияда кеңінен тараған қылмыстар — жолдарды жөндеумен және күтіп ұстаумен айналысатын жекелеген компанияларды, жер қойнауын пайдаланушыларды «қамқорлыққа алу». Мұны осыған дейін жасалған қылмыстардан анық байқауға болады, -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Инспекторлар құқық бұзушыға айыппұл сомасын төмендетіп, істі тоқтатуы немесе оған мүлдем тартпау арқылы әкімшілік жауапкершіліктен босатуы мүмкін. Облыс әкімдігінің отырыстарында жолдардағы ауыр жүк көліктерін бақылау мәселесі бірнеше рет талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, желідегі көліктік бақылау тек екі жылжымалы бекетті пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Олардың бірі шекаралық өткізу пунктіне жақын орналасқан. Екіншісі жалпы ұзындығы шамамен 9 мың шақырымды құрайтын облыстың қалған барлық автожолдарында жұмыс істейді. Қаңтар айында облыс әкімі Құмар Ақсақалов жолдарда үлкен жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматты станция орнату қажеттігін атап өтті.

— Департамент барлық анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша процестерді автоматтандыру арқылы да, көліктік бақылау жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы да жоюға тиісті ұсынымдар әзірледі. Тәуекелдерді жоюдың жүйелі тәсілі қажет. Бұл аймақтағы және орталық деңгейдегі барлық ұсыныстарды іске асырғаннан кейін мүмкін болады, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін үш жыл қатарынан көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері пара алғаны үшін соталған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz