СҚО-да жыл басынан бері 655 мас жүргізуші ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жыл басынан бері 655 мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылының маңында ВАЗ 2174 автокөлігін мас күйде жүргізген 33 жастағы петропавлдық ұсталды. Осыған байланысты полицейлер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы «мас күйінде жүргізушінің көлік құралын басқаруы» бойынша материал жинады.
Дәл сол күні мас күйде ВАЗ-2112 автокөлігін тізгіндеген 23 жастағы қала тұрғыны сағат 04.00 шамасында «Жезқазған-Петропавл» автожолында ұсталды. Тексеру барысында оның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды. Жігіт 20 күнге қамауға алынады.

— Осыған ұқсас тағы бір оқиға Аққайың ауданында келесі күні анықталды. Патрульдік полицейлер МТЗ-80 тракторын тоқтатты. Оның рөлінде көлік басқаруға құқығы жоқ 35 жастағы ауыл тұрғыны отырған. Мас күйінде көлік жүргізу жол қозғалысының барлық қатысушыларына үлкен қауіп төндіреді. Осындай фактілерді анықтау – патрульдік полиция жұмысының ерекше бағыты. Жыл басынан бері СҚО – да мас күйде көлікті басқаған 655 адам ұсталды, — деді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz