Петропавлда 25 жастағы жігіт суға батып кетті

Авторы: Qyzyljar News

Қайғылы оқиға 4 тамыз күні түстен кейін болған. Жас жігіт достарымен бірге жағадан шамамен сегіз метр қашықтықта катамаранға мініп серуендеген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жігіттер құтқару кеудешелерін кимеген.

— Ол жердегі судың тереңдігі шамамен 2,5-3 метр. Суға кеткен жігіт батып бара жатқандығы туралы ешқандай белгі бермеген. Алдымен оны өзімен бірге жүрген достары, кейін құтқарушылар судан аман алып шығуға тырысқан. Пирс оқиға болған жерден 100-150 метр қашықтықта орналасқан. Шомылуға тыйым салынған қамысты жер. Құтқарушылар суға сүңгіп, алып шыққан кейін, дем салып құтқармақ болды, өкінішке қарай қолдан келер қайран болмады, — деді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Марат Мұратов.

Жыл басынан бері өңірде 5 адам суға кетті, оның 1-і бала. Барлық жағдайлар жабдықталмаған жерлерде тіркелген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz