Петропавлда полицейлер жоғалған баланы тапты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда жоғалған жетінші сынып оқушысын кавалерия мен кинологтар іздестірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

5 тамызда Петропавл қаласы полиция басқармасының барлық жеке құрамы облыстық полиция департаментіндегі әріптестерімен бірге жоғалған жетінші сынып оқушысын іздестірумен айналысты. Іздестіру жұмыстары баланың ұялы телефоны болмағандықтан қиынға соққан.

Жедел іздестіру шараларына Петропавл қаласы полиция басқармасының кавалерия бөлімшесінің қызметкерлері, қызметтік-іздестіру иттері бар кинологтар жұмылдырылды. Олар қала маңындағы ормандарды, саяжай қоғамдарын, су қоймаларының жағаларын тексерді. Сондай-ақ, іс-шараларға патрульдік полиция және учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер мен ювеналдық полиция қызметкерлері қатысты. Еріктілер де әлеуметтік желілерде ақпарат таратып, іздестіру жұмыстарына көмегін тигізді.

Қуанышқа орай, сағат 17:00 шамасында полиция қызметкерлері жоғалған баланың туыстарына досының үйінде жүргенін хабарлады.

– Кейде жасөспірімдер ересектер көңіл көтеруге кедергі жасамауы үшін телефондарын әдейі өшіреді. Олар ата-аналарын сары уайым мен сергелдеңге салып, жазда болатын қайғылы жағдайлар туралы ойламайды, — дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

СҚО ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының деректері бойынша, жыл басынан бері облыста із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмағандар туралы 47 өтініш тіркелген. Олардың барлығы, көбі бір тәулікте табылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz