Денсаулық сақтау жүйелері рейтингінде Қазақстан Ресей мен Беларусьті басып озып, 45-ші орынға тұрақтады. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Рейтингте тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы мен денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат ескерілген. Мәселен, Қазақстанда өмір сүрудің орташа ұзақтығы 71,62 жыл. Bloomberg Денсаулық сақтау жүйесінің рейтингінде 55 ел бар. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі рейтингісінде бірінші орында Гонконг тұр. Екінші орынға Сингапур тұрақтаса, Италия үшінші орын иеленген. Ал ең соңғы орындарда Ресей, Бразилия, Әзірбайжан, Колумбия, Иордания бар. Есеп деректеріне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ елдері Ресей мен Беларусь сәйкесінше 55 және 49 орында тұр.