СҚО-да аңшы елік атамын деп жанындағы серігін өлтіріп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі
Оқыс оқиға өткен сенбі күні Шал ақын ауданындағы Неждановка ауылының жанындағы орманда болған.
— 1967 жылы туған Айыртау ауданының тұрғыны аң аулау барысында тіркелген аңшылық мылтықтан елік атқан. Алайда, бытыра қасындағы серігіне тиіп, ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі «адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Pixels иллюстрациялық фотосы