Биыл Петропавлда жалға берілетін алты көпқабатты тұрғын үй салынады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда жыл соңына дейін несиеге берілетін 16 және жалдамалы 6 үй тұрғызылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, үйлер «Жас Өркен», «Береке» және «Орталық» шағын аудандарында салынуда. Жалдамалы үйлердің барлығы 100 пәтерлік болса, несиеге берілетіндерде бір үйде 72-ден 202 пәтерге дейін болады.

Үйлерді салуға жауапты мердігерлердің ішінде жергілікті құрылыс компаниялары мен елдің басқа өңірлерінен келгендер де бар. Петропавл қаласының жаңа әкімі Руслан Аңбаев әлеуметтік желідегі парақшасында демалыс күндері «Береке» шағын ауданына барып, жалдамалы — коммуналдық үйлердің құрылысымен танысқанын жазды.

— Инженерлік желілердің құрылысы аяқталуға жақын. Жыл соңына қарай халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан кезекте тұрған 600 адам «Береке» шағын ауданында пәтер кілттерін алады», — деп хабарлады Руслан Аңбаев өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Фото ашық көздерден алынған

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz