Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің 19 санаты бойынша сауда үстемесін арттырғаны үшін 950 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Аталған тауарларға шекті сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшері өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушіден сатып алған бағасының үстінен 15% — дан аспау керек.
Атқарылған рейдтер кезінде бір апта ішінде елімізде 40 мың дүкен тексеріліп, сауда үстемесінен асып кетудің 730 фактісі анықталды. Бұзушылықтардың ең көбі яғни, 278-і елордада орын алған. СҚО-да сауда үстемесін асыра пайдаланудың 12 фактісі анықталды. Ел бойынша барлығы 126 ескерту жасалып, 1 кәсіпкерге айыппұл салынды. Профилактикалық бақылау барысында сауда үстемесі 5-15% — ға төмендеді.
Pixels иллюстрациялық фотосы