Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру жұмыстары бақыланатын болады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда педагогтардың біліктілік деңгейін арттыру үшін қандай жаңалықтар енгізілгенін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысында есеп берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстанның Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Министрлер кабинетінің отырысы барысында Асхат Аймағамбетовтен педагогтардың біліктілік деңгейін арттыру және жалпы республикадағы білім беру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сұрады.

— Білім беру сапасын және педагогтарды даярлау деңгейін арттыру үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Президенттің тапсырмасы орындалуда. Педагогтар өз мамандықтары бойынша тестілеуден өтеді, біз пәндер бойынша бағдарламаларды толығымен өзгерттік, — деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған қоса ведомтсво басшысы педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейі қадағаланатынын да жеткізді.

— Біз тек курстар өткізіп қана қоймай, сонымен қатар біздің педагогтардың білім деңгейін бақылайтын боламыз. Педагогтер курс қорытындысы бойынша емтихан тапсырып, тиісті сертификаттар алатын болады, — деп атап өтті Асхат Аймағамбетов

 

иллюстрациялық фото: stock

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz