Қазақстан Премьер-Министрі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі
Әлихан Смайылов соңғы айда пияз, қант және күріш қымбаттағанын, бірақ қырыққабат, сәбіз және картоп бағасының төмендегенін атап өтті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде сиыр мен құс еті, ұн, картоп, күнбағыс майы, тауық жұмыртқасы мен сүтті қоса алғанда, 680 мың тоннадан астам негізгі азық-түлік тауарлары бар.
Премьер-Министр бағаның өсу себептерінің бірі өндіруші мен түпкілікті тұтынушы арасындағы делдалдардың көп болуы екенін атап өтті. Оларды анықтау үшін облыстарда өңірлік комиссиялар құрылды. Облыс әкімдіктеріне Әлихан Смайылов тұрақтандыру қорларын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен уақтылы толықтыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
— Ауыл шаруашылығы министрлігі қантөндірісін дамытудың кешенді жоспарын қабылдады. Енді оны іске асыру бойынша тиісті шаралар қабылдау қажет. Сондай-ақ, қантты бажсыз әкелуге квоталар бөлінген кезде, олар бұл жұмысты уақтылы орындай алмайтын көптеген ұсақ жеткізушілерге таратылды. Осыған байланысты жеткізу кезінде бірқатар проблемалар пайда болды. Сондықтан квотаны ірі тасымалдаушыларға беру керек, — деді Үкімет басшысы.