СҚО-да колонияға трамадол мен телефон өткізбек болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі
ЕС-164/8 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды алып өтудің тағы бір әрекетін тоқтатты. Сотталғанға берілген сәлемдемені тексеру кезінде екі шағын термостан «трамадол» синтетикалық анальгетигінің 20 таблеткасы, сондай-ақ екі SIM-картасы бар телефон, USB шнуры және алдын ала болжам бойынша шығу тегі белгісіз есірткі табылды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
Егер тәркіленген зат шын мәнінде есірткі болып шықса, жөнелтуші Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес «есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болады. Ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Pixels иллюстрациялық фотосы