1 тамыздан бастап Қазақстан бойынша дәстүрлі жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды. Аталған акция аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және өзге де көмек көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бір апта ішінде акция аясында 69 оқушыға бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 537 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
— Бүгінгі таңда ата-ана қамқорлығынсыз қалған 12 бала, көп балалы отбасылардан 29 бала, аз қамтылған отбасылардан 28 оқушыға көмек берілсе, тағы 15 балаға жеке демеушілік қолдау көрсетілді. Кеңсе тауарлары мен киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін балалардың тізімі жасалды. Мемлекеттік органдарға хаттар жіберіліп, қайырымдылық акциясы аясында көмек көрсету үшін меценаттар мен демеушілерді тарту бойынша іс — шаралар жүргізілуде, — деді қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Рақышева.
Pixels иллюстрациялық фотосы