Қазақстанда мемлекеттік колледждер кәсіпорындардың қамқорлығына өтті

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстандағы мемлекеттік колледждердің 100% — ы кәсіпорындардың қамқорлығына алынды. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Президенттің тапсырмасына сәйкес өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша мақсатты кадрларды даярлауды енгізе бастадық. Мұндай гранттың басты айырмашылығы — мемлекет мамандарды тегін дайындайды, ал кәсіпорындар жұмысқа орналасу бойынша міндеттемелер алады. Алғаш рет 10 мың арнайы грант бөлінді. Кадрлардың сапасын арттыру үшін колледждерге жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламалары мен оқыту мерзімдерін өзгертуде академиялық дербестік берілді. Мемлекеттік колледждер 100% кәсіпорындардың қамқорлығында — деді Министр.

Асхат Аймағамбетов колледждерге түсу үшін бірқатар жаңалықтар енгізілгенін де атап өтті.

— Мамандық таңдау кезінде біз оқуға түсушілердің кәсіби диагностикасын енгіздік, соның нәтижесінде талапкерлер мамандық таңдау бойынша ұсыныстар алады. Студенттер арасында мемлекеттік тапсырысты бөлу процесі автоматтандырылды. Қабылдау емтихандары тоқтатылды. Талапкердің кемінде 1-3 біліктілікті меңгеру мүмкіндігі бар. Мемлекеттің үлкен қолдауымен » Жас маман «жобасы бойынша 180 колледж заманауи зертханалармен жабдықталды. Оқу бағдарламалары жаңартылып, кадрларды сапалы даярлауға жаңа серпін берілді, — деді ол.

Ашық көздерден алынған фотосуреттер

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz