Қазақстанда Абай күні тойлануда

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда биыл ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 177 жылдығы атап өтілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Абай Құнанбаев — қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы, аудармашы, сондай-ақ жүздеген өлең, поэма мен аударманың, философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздердің» авторы. Абайдың туған күні Юлиан күнтізбесі бойынша 1845 жылдың 10 тамызы болса, қазір қолданылып жүрген Григориан күнтізбесі бойынша 1845 жылдың 23 тамызы болып саналады.

Үкімет қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып бекітілген еді. Бұл күн ресми мерекелер күнтізбесіне 2020 жылы енгізілген. Содан бері жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтеді. Ұлы ақынның мұрасын дәріптеу мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Осынау атаулы күні елімізде түрлі іс-шаралар: көрмелер, конференциялар, шығармашылық кештер өткізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz