СҚО-да прокуратураның араласуымен 18700 гектар қайтарылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО прокуроры Бағбан Тайымбетов заңсыз берілген жерлерді қайтару мен жайылымдық жерлердің тапшылығын жою мәселелерін талқылау үшін кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қадағалау органының ақпараты бойынша, өткен жылдың соңында прокуратура облыс әкімдігімен бірлесіп жайылымдық жерлердің жетіспеу себептерін талдап, жалпы ауданы 61 982 гектар болатын 426 учаскенің заңсыз берілгенін анықтады.

— Қабылданған шаралар бойынша жалпы ауданы 18 700 гектар болатын 140 учаске қайтарылып, ол жерлер тек қана тұрғындардың малының жайылымына бекітілді. Соның нәтижесінде елді мекендердің өзінде жайылымдық жерлердің тапшылығы азайтылды. Сотқа жалпы алаңы 19 760 га. 100 жер учаскесі бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 80 талап арыз жіберіліп, ауданы 509 га. үш учаске бойынша үш талап қанағаттандырылды. Талап-арыз беруге бастамашылық жасау кәсіпкерлердің наразылығын тудырды, өйткені олардың көпшілігі мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін АӨК саласындағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша қарыз алған. Жерді қайтару нәтижесінде олар ірі қара малды азайтуға мәжбүр болады, — деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Жалпы облыс бойынша 531,9 мың гектарды жайылым жетіспейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz