СҚО тұрғыны 2 келі гашиш сатқаны үшін 11,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам өткен жылдың қыркүйек айында қаладағы «Тайга» сауда үйінің жанында 2 келі гашишті сату кезінде ұсталған. Есірткінің бұл түрінің үлкен мөлшері 200 грамнан басталады. Бұған дейін 35 жастағы қала тұрғыны осы тектес қылмысы үшін бірнеше рет сотталған екен. Тіпті сол үшін бас бостандығы да шектелген. Ұсталған азамат сот шешімі бойынша алдағы 11,5 жылын қатаң режімдегі түзету мекемесінде өткізеді.
Жалпы жыл басынан бері облыста есірткі өткізудің 46 фактісі тіркелген. Оның 27-і аса ауыр қылмыс болып саналады. 22 адам сотталып, 300 келіден астам есірткі тәркіленді.