Петропавлдағы «Береке» шағын ауданының тұрғындары пәтерлердегі газдың иісінен оянып, дабыл қақты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде бұл бірінші жағдай емес деп жазады. Бүгін таңертеңгі сағат бестер шамасында Гастелло көшесіндегі 44-інші үйдің тұрғындары газ иісінің қай жерде шығып жатқанын өздері іздеуге мәжбүр болған. Аталған жағдай бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
— Бүгін таңертең Гастелло 50, 52 мекен-жайлары бойынша орнатылған газ крандарының гайкалары ұрланғаны белгілі болды. Қазір Гастелло көшесіндегі орналасқан үш үй газдан ажыратылды. Аталған іс бойынша «Горгаз» ЖШС бірден қалалық полиция басқармасына жүгінді. Жаңа гайкалар орнатылғаннан кейін 11 тамызда үйлер газға қосылады, — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ашық көздерден алынған фотосуреттер