Қазақстандық Жансая Әбдімәлік Үндістанның Ченнай қаласындағы алғашқы Тақталар арасындағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бірінші тақтада өз құрамаларының ең мықты ойыншылары ойнайтынын айта кеткен жөн. Бұдан бөлек тағы бір қазақстандық Бибісара Асаубаева екінші тақта арасында төртінші орын алса, Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері үздік бестікке іліге алмады.
Жалпы аталған шахмат додасында Өзбекстанның ерлер құрамасы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының жеңімпазы атанса, әйелдер арасында Украина командасы үздік атанды.