Қазақстанда орташа жалақы деңгейі өсті

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан бойынша номиналды жалақының орташа мәні 2022 жылдың ІІ тоқсанында 312 011 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 24%, нақты мәнде -8,9% — ды құрады. Жалақының медианалық мәні 2022 жылдың ІІ тоқсанында бағалау бойынша 196 728 теңгені құрады, — деп ведомство өкілі хабарлады.

 

Статистикалық деректер бойынша жалақының өсуі экономикалық қызметтің барлық негізгі түрлері бойынша байқалады.

— 2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда ең жоғары өсім құрылыс салаларында – 35,5%, көлік және қоймалау – 34,8%, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 28,3% тіркелді. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында неғұрлым төмен қарқын яғни — 12,1%, байқалса, өзге де қызмет түрлерін ұсыну -3,9% құрады, — деп нақтылады бюрода.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz