Өткен тәулікте Қазақстанда 1651 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасай отырып.
Елімізде барлығы 1 651 жағдай расталды. Өткен тәулікте Нұр-сұлтан қаласында – 370, Алматы қаласында – 185, Шымкент қаласында – 16, Ақмола облысында – 109, Ақтөбе облысында – 82, Алматы облысында – 16, Жетісу облысында-53, Атырау облысында – 48, ШҚО – да-29, Абай облысында-26, Жамбыл облысында-33, БҚО – да-118, Қарағанды облысында-191, Ұлытау облысында-37, Қостанай облысында-89, Қызылорда облысында-22, Маңғыстау облысында-34, Павлодар облысында-105, СҚО-78, Түркістан облысында-10 адамның ауырғаны расталды.