Петропавлдағы 2-ЖЭО жылу беру маусымына қаншалықты дайындығы айтылды

Авторы: Qyzyljar News

«Севказэнерго» АҚ бас директоры Олег Перфилов биыл қыста қала тұрғындарының үйлерінде өткен жылдармен салыстырғанда жылы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Олег Перфилов 2-ЖЭО қалпына келтіру жұмыстары жылу маусымына дайындыққа әсер етпейтінін айтты.

— Түтін сорғыш бөлімшесі қалпына келтірілуде. Жұмыс қыркүйектің соңында аяқталады. №1,3,4,5 қазандықтарды екінші түтін мұржасына ауыстыру арқылы сыртқы газ құбырлары жобасы әзірленді. Бүгінгі таңда құрылыс басталды. Жаңа газ құбырларын 15 қазанда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бірінші қазандық әлі резервтен тыс күйде. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізііп, 15-ші қазанда жұмысқа кіріседі. Бұл газ өткізгіштердің құрылысына байланысты болғандықтан, мұржадан бірінші бағытта жүзеге асырылады. Екінші қазандық бөлшектелді, үшіншісі мұржа құлаған кезде ішінара бұзылған. Бұл қазандыққа қыркүйек айының басында жөндеу жұмыстары басталып, қарашаның соңына дейін аяқталады,- деді Олег Перфилов.

Төртінші қазандық 15 қыркүйекте жұмысқа кіріседі, бесіншісінің жөндеу жұмыстары 5 қыркүйекте, 6-ншы және 7-інші қазандықтарды жөндеу 15 қазанда аяқталады. 8-інші қазандық тамыз айында іске қосылғанын айта кеткен жөн. 9-ыншы, 10-шы және 11-ші қазандықтар істеп тұр. 10-ыншысын жөндеу қазан айына жоспарланған. 9-ыншы қазандық жыл басында жөнделсе, 12-ші қазандық тамыз айының соңына дейін жөнделеді.

— Жалпы тамыз айының соңында 5 қазандық, қыркүйек айында – 7, қазан айында – 10 қазандық іске қосылады. 1 желтоқсанға дейін барлық 11 қазандық дайын болады. Жылыту маусымының бастапқы кезеңінде 7 қазандық жеткілікті. Жылыту маусымын тұрақты өткізу үшін – 9-ыншы қазандық жұмыс режіміне қосылады. Қатты аяз болған жағдайда 10-шы қазанмен қоса резервте тағы екеуі тұр. Үйлерде өткен жылдарға қарағанда жылы болады. Тарифті көтеру жоспарланбаған, — деді Олег Перфилов.

Биыл жылыту маусымының басталуы 3 тәулік ішінде ауа температурасы 8 градус және одан да төмен болған кезде қалыпты режімде басталады деп жоспарлануда. Алдыңғы жылдары жылу 10-11 қыркүйекте берілген болатын.

 

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz