Солтүстікқазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин Түркияның Конья қаласында өткен V Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Қазақстан құрамасының қоржынында 6 алтын медаль бар. Жеңіл атлет Михаил Литвин-Кониядағы Ислам ойындарының чемпионы атанды,- делінген ақпаратта.
Қазақстандық спортшы 400 метрге жүгіруден «алтын» жеңіп алды. Алдын ала жүгіруде Литвин қашықтықты 44.94 секундта бағындырып, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.Бұған дейін қазақстандық спортшылар исламиаданың медальдық сынағында үздік үштікті қорытындылаған болатын.