СҚО тұрғыны 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО тұрғыны жанармай ұрлағаны үшін 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл шілде айында Ақжар ауданының тұрғыны 20 литр дизель отынын ұрлаған. Осы қылмысы үшін ол 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылып, пробация қызметінің есебіне қойылды.

— Қазіргі уақытта мен күн сайын жұмыс істеймін. Ұрлық жасағаныма өкінемін, тегін жұмыс істегеніме қарамастан, жасаған ісім үшін бас бостандығымынан айырмай, жазамды өтей алатыныма қуаныштымын, – дейді жазасын өтеуші.

Сотталған адам қоғамдық жұмысты негізгі жұмысынан немесе оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын мөлшерде атқарады. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқымайтын сотталғандар қоғамдық жұмыстарды 8, аптасына 40 сағат жұмыс істейді.

— Бұл жазаның өте тиімді түрі болып саналады. Тәжірибе көрсеткендей, жыл сайын мұндай құқық бұзушылықтардың саны азайып келеді. Аталған іс жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа тартылғандардың алғашқы жайты болып тіркелді, – деді Ақжар аудадық пробация қызметінің бастығы Ерлан Хасенов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz