Петропавлдағы зауытта жұмысшы жетіспейді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы «С.М.Киров атындағы зауытта» жұмысшы жетіспейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда Петропавлдағы С.М.Киров атындағы зауытқа жұмыс күші қажет. Сол себептен кәсіпорын басшылығы білімді жас мамандарды тартып жатыр. Ол үшін өндіріс ошағы жергілікті 3 колледж, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және елордалық жоғары оқу орнымен келісім жасады.

– Өткен жылы 8 жас қызметкер оқуларын аяқтаған соң бізге келді. Пандемияға байланысты 2021 жылы 9 студент тәжірибеден өтіп, олардың 5-еуі жұмысқа орналасты. Зауыт жергілікті оқу орындарымен ғана емес, республикалық жоғары оқу орындарымен де белсенді байланыста. Бос орындар бар. Біз отандық өндірісті жаңа деңгейге көтергісі келетін жас мамандады қуана қарсы аламыз,- дейді «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ бас директорының орынбасары Дәурен Қадыров.

Айта кету керек, бүгінгі таңда аталған зауыттың түрлі техникаларды құрастыру цехында 10-15 адам жұмыс істейді. Зауыт басшылығы болашақта бөлімге жаса мамандарды алуды жоспарлап отыр.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz