Петропавлда полицияның есебінде 75 қолайсыз отбасы тұр. Биыл тәртіп сақшылары ата-аналар өз міндеттерін орындамаған 110 фактіні анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі ата-ана құқығынан айыру туралы 22 әкімшілік материал жиналып, соттың қарауына жіберілетінін хабарлады. Балаларға жауапсыз қараудың соңғы фактілерінің бірі 39 жастағы әйелдің 8 жасар қызының көзінше мас болуы. Бұл туралы көршілері полиция учаскесіне хабарлаған. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар балаға немқұрайды қарған ананы әкімшілік жауапкершілікке тартты.
— Күн сайын құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер өткіземіз. Тұрмысы нашар отбасыларға ерекше көңіл бөлеміз, — деді Петропавл ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы Константин Петров.